Accessibility links

Қытаймен шекара режимі туралы келісім мақұлданды


Қазақстан мен Қытай шекарасындағы шекара бекеті. (Көрнекі сурет).
Қазақстан мен Қытай шекарасындағы шекара бекеті. (Көрнекі сурет).

Парламент сенаты бүгін Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы қазақ-қытай мемлекеттік шекара режимі туралы келісімді мақұлдады деп хабарлады жергілікті агенттіктер.

Парламентте заң жобасын таныстырған Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің жетекшісі Дархан Дилманов бұған дейін құжаттың мақсаты - мемлекеттік шекарада өзара сенімді нығайтуда күш біріктіру, территория мен мемлекеттік шекараға қол сұғылуын болдырмау, заңға қайшы әрекеттердің алдын алу, мемлекеттік шекарада тұрақтылық пен тыныштықты сақтау деген.

Заң жобасының қорытындысында Қазақстан мен Қытай арасындағы шекара сызығы шекараны делимитациялау туралы келісіммен анықталатыны айтылған. Келісім бойынша, екі ел шекара қызметі үш жылда бір рет шекарадағы белгілер мен сызықтардың жайын бірлесе тексеріп отырады.

XS
SM
MD
LG