Accessibility links

Астанада Назарбаев пен Путин кездесіп жатыр


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин өңіраралық ынтымақтастық форумында. Сочи, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путин өңіраралық ынтымақтастық форумында. Сочи, 17 қыркүйек 2015 жыл.

Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі басталды деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Кездесудің күн тәртібінде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық мәселелерін талқылау тұр. Кремль бұған дейін кездесу қорытындысы бойынша Каспийдің солтүстік бөлігінің табанын бөлісу және "Орталық" мұнай алабын бірлесе игеруге қатысты құжаттарға қол қою жоспарланғанын хабарлаған. Келіссөзде Назарбаев пен Путин Сирия мен Украинаға қатысты тақырыптарды да сөз етеді деп жоспарланған.

Путин Қазақстанға Украина президенті Петр Порошенконың Астанаға сапарынан бір аптадан кейін келіп отыр. Өткен жұмада Порошенко мен Назарбаев кездесу нәтижесінде бірлескен мәлімдеме мен алдағы екі жылға арналған іс-қимыл жоспарына қол қойған.

Путин ертең Астана түбіндегі Бурабай қаласында өтетін ТМД елдері басшыларының кеңесі және Еуразия жоғарғы ээкономикалық кеңесі жиынына қатысады.

Назарбаев пен Путин бұған дейін 17 қыркүйекте Сочиде өткен өңіраралық ынтымақтастық форумында кездескен.

XS
SM
MD
LG