Accessibility links

Ермек Нарымбаев екі айға қамалды


Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев.

Азаматтық белсенді Ермек Нарымбаев.

Алматының Алмалы аудандық соты бүгін азаматтық белсенді Ермек Нарымбаевты екі айға қамауға шешім шығарды.

Нарымбаевтың адвокаты Жанар Балғабаеваның Азаттыққа айтуынша, судья Р.Н.Әшкеев Ермек Нарымбаевты "әлеуметтік, ұлттық, таптық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру" айыбымен сотқа дейінгі тергеу аясында екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Адвокаттың сөзінше, судья өзінің белсендіні кепілге босату туралы бұлтартпау шарасын өзгерту жайлы өтінішін қанағаттандырмаған.

Балғабаева бұған қоса Нарымбаевқа бұған дейін тағылған қылмыстық кодекстің 174 бабының 1 тармағы осы баптың 2-тармағына ("әлеуметтік, ұлттық, таптық, нәсілдік немесе діни алауыздықты топ болып қоздыру") ауыстырылғанын айтты. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Ермек Нарымбаев пен тағы бір белсенді Серікжан Мәметалинді Алматының ішкі істер департаменті интернетте жарияланған жазбаға қатысты 12 қазан күні үш күнге қамаған.

XS
SM
MD
LG