Accessibility links

Серікжан Мәмбеталин екі айға қамалды


Серікжан Мәмбеталин.

Серікжан Мәмбеталин.

Алматының Алмалы аудандық соты бүгін азаматтық белсенді Серікжан Мәмбеталинді екі айға қамауға санкция берді.

Мәмбеталиннің адвокаты Ермұрат Мұқановтың Азаттық тілшісіне хабарлауынша, судья Р.Н.Әшкеева белсендіні "топ болып әлеуметтік, ұлттық, таптық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру" айыбымен сотқа дейінгі тергеу аясында екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Мұқановтың сөзінше, Мәмбеталинге бұған дейін тағылған қылмыстық кодекстің 174 бабының 1 тармағы ("әлеуметтік, ұлттық, таптық, нәсілдік немесе діни алауыздықты қоздыру") бойынша тағылған айып осы баптың 2-тармағына ("әлеуметтік, ұлттық, таптық, нәсілдік немесе діни алауыздықты топ болып қоздыру") ауыстырылған. Бұл бап бойынша 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Серікжан Мәметалин мен тағы бір белсенді Ермек Нарымбаевты Алматының ішкі істер департаменті интернетте жарияланған жазбаға қатысты 12 қазан күні үш күнге қамаған еді. Алмалы аудандық соты бүгін Нарымбаевты да екі айға қамауға санкция берді.

XS
SM
MD
LG