Accessibility links

Адвокат: БҰҰ Челахқа қатысты шағымды қабылдады


Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 11 желтоқсан 2012 жыл.

Владислав Челах сот залында. Талдықорған, 11 желтоқсан 2012 жыл.

БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі комитеті Арқанкерген шекара бекетіндегі шекарашылардың өліміне айыпты деп танылып, өмір бойына түрме жазасына кесілген Владислав Челахтың сот үкіміне қарсы шағымын қабылдады деп хабарлайды бүгін қазақстандық адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі халықаралық бюро.

Челахтың адвокаты Серік Сәрсеновтің айтуынша, БҰҰ комитетінен өзінің Челахтың атынан жазған шағым хаты "шағым беру талаптарына сай және онда көрсетілкен құқық бұзушылықтар Азаматтық және саяси құқық жөніндегі халықаралық пакт ережелерімен үйлеседі" деген тұрғыда жауап келген.

Хатта 2015 жылдың 2 ақпанында Челахқа қатысты жазылған хат тіркеліп, ол хаттың көшірмесі Қазақстан билігіне жолданғаны және оған алты ай ішінде тиісті жауап келетіні айтылған.

2012 жылдың көктемінде Алматы облысында Қазақстан-Қытай шекарасында "Арқанкерген" шекара бекеті өртеніп, оның орнынан 14 шекарашы мен бір қорықшының денесі табылған. Тірі қалған жалғыз шекарашы Владислав Челах "шекарашыларды өлтірді" деген айыппен өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

XS
SM
MD
LG