Accessibility links

Бурабайда ТМД мен ЕАЭО жиындары өтеді


Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі. Астана, 15 қазан 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин мен Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кездесуі. Астана, 15 қазан 2015 жыл.

Астана түбіндегі Бурабай қаласында бүгін ТМД-ға мүше елдер басшылары кеңесі мен Еуразия жоғарғы экономикалық кеңесінің жиындары өтеді.

РИА Новости агенттігінің Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаковқа сілтеме жасап хабарлауынша, ТМД басшылары жиынына Ресей, Қазақстан, Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері, Молдова премьер-министрі мен Түркіменатан вице-премьері қатысады. Жиында қауіпсіздік пен құқық қорғау саласындағы өзара іс-қимыл мәселелері талқыланып, 17 құжатқа қол қйылады деп жоспарланған. Ресей президенті Владимир Путин Сириядағы әскери операция барысын баяндамақ.

Еуразия экономикалық кеңесі жиынына Еуразия экономикалық одағына (ЕАЭО) мүше бес ел - Ресей, Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан және Армения басшылары қатыспақ. Ушаковтың сөзінше, жиында ЕАЭО-ның экономикалық дамуының негізгі бағыттарын бекіту, одақтың халықаралық ұйымдармен байланыс орнату мәселелері талқыланбақ.

Владимир Путин кеше Астанада Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездескен.

XS
SM
MD
LG