Accessibility links

ТМД басшылары саммиті жабық өтіп жатыр


ТМД елдері басшылары кеңесінің жиыны өтіп жатқан Rixos Borovoe қонақ үйі. Бурабай, 16 қазан 2015 жыл.
ТМД елдері басшылары кеңесінің жиыны өтіп жатқан Rixos Borovoe қонақ үйі. Бурабай, 16 қазан 2015 жыл.

Бурабайда басталған ТМД елдері басшылары кеңесінің отырысына журналистерді кіргізбеді деп хабарлайды Азаттық тілшісі. Кейбір ақпараттар бойынша, саммиттен хабар таратуға бірнеше елден 250-ге тарта ақпарат құралдарының өкілдері келген.

Журналистердің барлығын президенттер жиыны өтіп жатқан Rixos Borovoe қонақ үйі жанындағы теннис кортына кіргізген. Жиынға Әзербайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан президенттері мен Түркіменстан, Молдова және Украина министрлері қатысып жатыр.

Жиын басталар кезде Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев күн тәртібінде 17 мәселе тұрғанын, олардың арасында БҰҰ құрылғанына 70 жыл толуына орай мәлімдеме мен халықаралық терроризммен күрес мәселесі барын айтқан.

XS
SM
MD
LG