Accessibility links

Путин: ИМ-ге қарсы коалиция құруда ілгерілеу бар


Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 15 қазан 2015 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 15 қазан 2015 жыл.

Қазақстанда ресми сапармен жүрген Ресей президенті Владимир Путин Мәскеу Сирия мен басқа да елдердегі экстремизм және терроризммен күресу үшін ауқымды коалиция құруда табысқа қол жеткізе бастағанын мәлімдеді. Бурабайда өткен баспасөз жиынында Путин Мәскеу Сауд Арабиясы, Біріккен Араб Әмірліктері, Иордания және Израильмен байланыс орнатып, олармен терроризммен күресу мүмкіндіктерін талқылағанын айтты.

Путин бұған қоса барлық елдерді Ресей, Сирия, Иран және Ирак бірлесе құрған Бағдад ақпараттық орталығының жұмысына қатысуға шақырды.

Ресей президенті Ресей әскери ұшақтарының Сириядағы "Ислам мемлекеті" экстремистік ұйымының нысандарына жасаған шабуылдарының нәтижесін жоғары бағалады. Путиннің сөзінше, Сирия тарапымен келіскен нысандарға жасалған әуе шабуылдарында ИМ-нің көптеген экстремистік құрылымдары жойылып, "жүздеген содыр" мерт болған.

XS
SM
MD
LG