Accessibility links

ТМД басшылары әскери ынтымақтастық пактісіне қол қойды


ТМд елдері басшылары саммит кезінде. Бурабай, 16 қазан 2015 жыл.
ТМд елдері басшылары саммит кезінде. Бурабай, 16 қазан 2015 жыл.

ТМД елдері басшылары Бурабайдағы жиында 17 құжатқа, оның ішінде халықаралық терроризммен күрес туралы мәлімдеме мен 2020 жылға дейінгі әскери ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Құжаттарға Армения, Әзербайжан, Беларусь, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Өзбекстан басшылары қол қойды. Молдова, Украина және Түркіменстан өкілдері жиынға бақылаушы ретінде қатысты.

Баспасөз жиынында Ресей президенті Владимир Путин "Ауғанстандағы жағдай күрделеніп бара жатқандықтан" әскери ынтымақтастық орнату қажет екенін айтты. Ол Ауғанстандағы исламшыл содырлардың басты мақсаттарының бірі "Орталық Азия аймағына кіру" екенін, әскери ынтымақтастық туралы келісім бұл қауіпке "үйлестірілген жауап" беретінін жеткізді.

Путин бұған қоса ТМД-ны "әлемдік экономикадағы тұрақсыздық пен саяси шиеленістер" сияқты "сыртқы кері ықпалдардан" проблема туындағанда жүгінетін тетік ретінде мақтады.

ТМД елдері басшылары келесі саммитті 2016 жылы 16 қыркүйекте Қырғызстанда өткізуге келісті.

XS
SM
MD
LG