Accessibility links

Алматы әкімінің екі орынбасары тағайындалды


Алматы әкімі Бауыржан Байбек.
Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Алматы қаласы әкімінің жаңа екі орынбасары тағайындалды. Әкімнің ішкі саясат, денсаулық сақтау, білім беру салаларына жауапты орынбасары Арман Қырықбаев, ал экономика, бюджетті жоспарлау және қаржы мәселелері жөніндегі орынбасары Әсел Жүнісова болды. Екі орынбасары да бұған дейін әкім Бауыржан Байбек сияқты "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында қызмет істеген.

Қырықбаев бұған дейін "Нұр Отан" партиясы төрағасы орынбасарының кеңесшісі, мәдениет және ақпарат вице-министрі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары болған. Жүнісова "Нұр Отанның" орталық аппаратын басқарып, президент әкімшілігінде қызмет істеген.

Бүгін Алматы әкімінің үш бірдей орынбасары - Зәуреш Аманжолова, Юрий Ильин және Мұрат Құдышевтың отставкаға кеткені белгілі болған.

Бауыржан Байбек Алматы әкімі болып тамыздың басында тағайындалған. Оған дейін Байбек "Нұр Отан" партиясы төрағасының орынбасары болған.

XS
SM
MD
LG