Accessibility links

Ашхабад Астанаға наразылық нотасын жолдады


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 15 қазан 2015 жыл.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев (оң жақта) пен Ресей президенті Владимир Путин. Астана, 15 қазан 2015 жыл.

Ашхабад Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың түркімен-ауған шекарасындағы жағдайға қатысты сөзінен соң Астанаға наразылық нотасын жолдады. Түркіменстан сыртқы істер министрлігінің сайтында бейсенбіде жарияланған мәлімдемеде «Назарбаев 15 қазанда Астанада Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуде Түркіменстан шекарасындағы инцидент туралы баяндағаны» айтылған.

Министрлік Назарбаевтың сөзін шындыққа жанаспайды деп хабарлады.

«Қазақ тарапының Түркіменстанның мемлекеттік шекарасындағы жағдай туралы шындыққа жанаспайтын мәлімедемесіне орай түркімен тарапы алаңдаушылық білідіреді» делінген мәлімдемеде.

Министрлік мәлімдемесінде Ашхабадтың ресми позициясы бұрындары БАҚ-та жарияланғаны айтылған.

Өткен аптада ауғанстандық басылымдар Түркіменстанмен шекаралас ауған провинциясын тәлібтердің басып алғаны туралы ақпарат таратқан еді. Түркіменстанның күштік құрылымындағы өткен аптадағы кадрлік өзгерістердің себебі ретінде де түркімен-ауған шекарасындағы ахуал айтылды.

XS
SM
MD
LG