Accessibility links

Байқоңырдан кезекті «Протон-М» ұшырылды


Байқоңырдан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру. (Көрнекі сурет)

Байқоңырдан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышын ұшыру. (Көрнекі сурет)

Бүгін Байқоңырдан ресейлік «Протон-М» зымыран тасығышы ғарышқа түркиялық Turksat-4B байланыс спутнигін алып ұшты.

Роскосмос агенттігінің хабарлауынша, «Бриз-М» үдеткіш блогы бар «Протон-М» айлақтан Астана уақыты бойынша 2:40-та ұшырылған.

Әуеге көтерілген соң бірнеше минуттен кейін зымыран тасығыштан бөлінген үдеткіш бүгін Астана уақыты бойынша сағат 11:53-те спутниктен де ажырайды деп жоспарланған.

Бұл 2015 жылдың басынан бері Байқоңырдан ғарышқа ұшырылып отырған бесінші «Протон-М» зымыран-тасығышы. Мұның алдында 14 қыркүйек күні «Протон» зымыраны ресейлік «Экспресс-АМ8» байланыс спутнигін ғарышқа шығарған.

XS
SM
MD
LG