Accessibility links

Apple патент ережесін бұзғаны үшін 234 миллион доллар төлейді


Apple компаниясының өнімдері. (Көрнекі сурет)

Apple компаниясының өнімдері. (Көрнекі сурет)

АҚШ алқабилер соты Apple корпорациясына патент алынған технологияны заңсыз пайдаланғаны үшін 234 миллион доллар көлемінде айыппұл төлеуге міндеттеді.

Бұл даулы істегі талапкер – Мэдисондағы Висконсин университеті түлектерінің қоры микрочип архитектурасы саласындағы өзі тапқан технологиялық шешімді заңсыз пайдаланып, нұқсан келтіргені үшін Apple компаниясынан 400 миллион доллар өтемақы талап еткен.

Apple компаниясы бұл технологиялық шешімді өзі жұртшылыққа биыл таныстырған жаңа өнімдері – iPhone 6S және iPhone 6S Plus смартфондарындағы жаңа А9 процессорында пайдаланған. Бұл технологиялық шешім процессордың температурасы қызып кетпей әрі тиімділігін жоғалтпай ұзағырақ жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.

Университет өкілдері бұған дейін Apple компаниясына лицензиялық келісім жасау туралы ұсыныс жасағанымен компания келіссөздерден бас тартқанын айтады. 2008 жылы университет дәл осы патентке қатысты құқық бұзғаны үшін Intel компаниясын сотқа берген. Ол жолы тараптар сотқа дейін бір-бірімен мәмілеге келген.

Өткен аптада Apple әлемдегі ең қымбат бренд деген атауға тағы да ие болды. Бұлай атауға компания нарыққа шығарған жаңа өнімдер – смарт-сағаттары және Phone 6S смартфоны түрткі болған.

XS
SM
MD
LG