Accessibility links

Түркия жағалауында қайық апатынан 12 адам өлген


Эгей теңізі арқылы Түркиядан грекиялық Лесбос аралына қайықпен жеткен адам су жағасында тұр. 15 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)
Эгей теңізі арқылы Түркиядан грекиялық Лесбос аралына қайықпен жеткен адам су жағасында тұр. 15 қазан 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Түркия жағалауында бүгін мигранттар мінген қайық суға батып кеткен. Түркия билік орындары апатты оқиғадан 12 адам, солардың арасында бес бала қаза болғаны туралы хабарлаған. Апатқа ұшыраған қайықта болғандардан 23 адам құтқарылған.

Алдын ала деректер бойынша, Түркияның Айбалық қаласынан грекиялық Лесбос аралына бармақ болған қайыққа мінген мигранттар нақты қай елдің азаматтары екені туралы мәлімет жоқ. Reuters ақпараты бойынша, олар Сирия мен Ауғанстаннан келген босқындар деген болжам бар.

Сонымен бірге бүгін Эгей теңізіндегі грекиялық Калолимнос аралы маңында тағы бір қайық суға батқан. Грекия жағалау күзеті қызметінің мәліметі бойынша, бұл апат салдарынан төрт адам, соның ішінде үш бала опат болған.

Биыл жыл басынан бері Еуропаға Жерорта теңізі арқылы жетпек болған үш мыңнан аса адам суға кетіп қаза тапқан. Олардың көпшілігі Сирия, Ауғанстан және Африка елдерінің азаматтары екені айтылады.

XS
SM
MD
LG