Accessibility links

Иранда шииттерге шабуылда екі адам қаза болған


Ашура мерекесін атап өту. Сафаи Абад, Дезфул, Иран. (Әлеуметтік желідегі сурет)

Ашура мерекесін атап өту. Сафаи Абад, Дезфул, Иран. (Әлеуметтік желідегі сурет)

Иранда шиит мешітіне жасалған шабуылдан екі адам қаза тауып, екі адам жараланған. Иранның ресми ИРНА агенттігінің хабарлауынша, оқиға жұма күні кешке елдің оңтүстік-батысындағы Хузестан аймағындағы Дизфул қаласында болған. Ашура мерекесін атап өтуге жиналған топқа өтіп бара жатқан автокөліктен оқ жаудырған.

Хузестан провинциясында тұратындардың көпшілігі – сүннит арабтар. Бұл аймақта соңғы жылдары діни негізде бірнеше рет қақтығыстар болған.

Дәл осы күні негізінен сүниттер тұратын Сауд Арабиясында да Ашура күні мерекесін тойлау кезінде шииттер тобына жасалған шабуылдан бес адам опат болған.

Шабуыл үшіне жауапкершілікті сүниттік экстремистік топ мойнына алған.

Ашура мерекесі күні шииттер 680 жылы Кербела маңында қаза болған Мұхаммед пайғамбардың немересі Хусеин имамға құлшылық жасайды.

XS
SM
MD
LG