Accessibility links

Өскеменде Свято-Троицк соборы қайта ашылды


Православ шіркеуінде құдайға құлшылық жасап, шырақ жағып тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Православ шіркеуінде құдайға құлшылық жасап, шырақ жағып тұрған адам. (Көрнекі сурет)

Қазақстан және Астана митрополиті Александр бүгін Өскемен қаласында жөндеу жұмыстарынан соң Свято-Троицк соборын қайта ашу рәсіміне өткізді деп хабарлады Қазақпарат агенттігі. Бұл собордың іргесі қаланғанына былтыр 205 жыл толған, совет кезінде ол қиратылған еді.

Өскемендегі алғашқы православ храмы ағаштан тұрғызылған, бірақ бірнеше рет өртке оранған. Ал 1809 жылы шіркеуді тастан қалаған. Бұл Өскемен қаласында тастан салынған алғашқы ғимарат еді.

1928 жылы совет билігі храмды бұзып қиратты. Шіркеу мұнарасы, күмбезі, бас бөлмесі, қоршауы, қорым маңайындағы ескерткіштер – бәрі бұзылды. Бірақ храм ғимараты жартылай бұзылған күйі тұрды. Әр жылдары онда біресе көкөніс қоймасы, біресе гарнизон клубы, енді бірде әскери сауда дүкені орналасты дейді Өскемен және Семей епархиясы баспасөз қызметінің өкілі Марина Колосова.

Свято-Троицк соборының бастапқы түрін қайта қалпына келтіру жұмыстары 2013 жылы сәуірде басталған еді.

XS
SM
MD
LG