Accessibility links

Шымкентте қала күні мерекесі өтті


Шымкентте қала күні мерекесіне арнап тігілген киіз үйлер маңында жұрген адамдар. 17 қазан 2015 жыл.
Шымкентте қала күні мерекесіне арнап тігілген киіз үйлер маңында жұрген адамдар. 17 қазан 2015 жыл.

Бүгін Шымкенттегі Наурыз алаңында қала күніне арналған мерекелік шаралар өтті.

Күн райы жауын-шашын болғандықтан мерекелік шараны тамашалауға келгендер қатары шамалы болды. Алаңға көрермен ретінде жиналғандардың басым бөлігі мектеп мұғалімдері мен балабақша қызметкерлері және полицейлер болды.

Сағат 11-де басталады деп хабарлаған шаралар бір сағатқа кешігіп басталды. Оңтүстік Қазақстан облысының аудандары мен жоғарғы оқу орындары 15 киіз үй тігіп, концерттік бағдарламаларын көрсетті. Алаңда жеміс-жидектер көрмесі өтті. Осы маңдағы ипподромда ат жарысы ұйымдастырылды.

Бүгін кешке мерекелік шара «Алтын күз» фестивалі және гала-концертпен жалғаспақ.

Шымкенттегі қала күні мерекесінен фотогалерея:

XS
SM
MD
LG