Accessibility links

Бүгін Одесса қайық апаты құрбандарын аза тұтады


Суда аударылған қайық. (Әлеуметтік желідегі сурет.)

Суда аударылған қайық. (Әлеуметтік желідегі сурет.)

Бүгін Украинаның Одесса облысында Қара теңізде қайық апатынан қаза болғандарды аза тұту күні.

Билік органдарының хабарлауынша, сенбі күні Затока курорты маңында жағалаудан бірнеше жүз метрде аударылған «Иволга» қайығында барлығы 36 адам болған. 23 адам құтқарылып, 12 адам суда қаза тапқан. Тағы бір адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатқаны хабарланды.

Қайғылы оқиғаға жолаушылар қайығына шамадан тыс көп адам алу себеп болуы мүмкін деген болжам айтылып отыр. Украина инфрақұрылым министрлігінің хабарлауынша, қайықтық техникалық құжатына сәйкес, ол 12 жолаушы мен үш экипаж мүшесін тасымалдауға арналған.

Украина ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі қайық апатына байланысты қылмыстық кодекстің «темір жол, су немесе әуе көлігімен тасымалдау немесе пайдалану қауіпсіздігі ережелерін бұзу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

Украина премьер-министрі Арсений Яценюк қайғылы оқиғаның жай-жапсарын тексеру, құтқару жұмыстары мен апат салдарын жою жөніндегі жұмыстарды үйлестіру үшін арнайы комиссия құрып, оған жетекшілік жасау вице-премьер Геннадий Зубкоға тапсырылған.

XS
SM
MD
LG