Accessibility links

Кабулда ұрланған германиялық әйел құтқарылған


Ауғанстан қауіпсіздік күштері германиялық GIZ халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Кабулдағы кеңсесін күзетіп тұр. Ауғанстан, 17 тамыз 2015 жыл.
Ауғанстан қауіпсіздік күштері германиялық GIZ халықаралық ынтымақтастық агенттігінің Кабулдағы кеңсесін күзетіп тұр. Ауғанстан, 17 тамыз 2015 жыл.

Ауғанстанда жәрдем жобаларын жүзеге асыратын германиялық GIZ халықаралық ынтымақтастық агенттігі осыдан екі ай бұрын белгісіз біреулер ұрлап кеткен өз қызметкері қазір аман-есен бостандықта екені туралы хабарлады.

GIZ агенттігінде қызмет істейтін әйелді биыл тамыз айының 17-і күні Кабул көшелерінің бірінде қарулы ер адамдар көлігінен ұрлап әкеткен еді. Агенттік ол әйелдің аты-жөнін атаған жоқ. Сонымен бірге, оны кімдердің ұрлағаны да әзірше белгісіз қалып отыр.

Өз отандасының аман-есен бостандыққа шыққаны туралы хабарға қуанышты екенін Twitter әлеуметтік желісі арқылы жеткізген Германия сыртқы істер министрі Франк-Вальтер Штайнмайер кепілдегі әйелді босатуға атсалысқан Ауғанстан үкіметі мен осы елдің қауіпіздік қызметіне алғыс білдірген.

Бұған дейін сәуір айында Ауғанстанның Кундуз уәлаятында қарулы адамдар ұрлап әкеткен GIZ агенттігінің тағы бір өкілі қырық күн тұтқында болған еді.

XS
SM
MD
LG