Accessibility links

Илхам Әлиев қауіпсіздік министрін орнынан алды


Элдар Махмудовтың Әзербайжан ұлттық қауіпсіздік министрі кезіндегі суреті.
Элдар Махмудовтың Әзербайжан ұлттық қауіпсіздік министрі кезіндегі суреті.

Әзербайжан президенті Илхам Әлиев елдің ұлттық қауіпсіздік министрі Элдар Махмудовты қызметінен босатты. Бұл туралы сенбі күні Әзербайжан президенті сайтында жарияланған Әлиевтің жарлығында Махмудовтың жұмыстан босауының себебі айтылмаған.

Оппозиция өкілдері Әлиевтің қоғам өмірі үшін маңызды саяси шешімдерді дара қабылдап, ол жайында ешқандай түсініктеме бермеуін Әзербайжандағы авторитарлық билік жүйесіне тән дағды деп түсіндіреді.

2004 жылдан бері Әзербайжан ұлттық қауіпсіздік министрі қызметін атқарып келген 59 жастағы Элдар Махмудов президент Әлиевтің сеніміндегі тұлға саналатын. Оған дейін ұлттық қауіпсіздік министрі болған Намиг Аббасовты да президент Илхам Әлиев 2004 жылы маусымда себебін түсіндірместен қызметтен алып тастаған еді.

XS
SM
MD
LG