Accessibility links

Египетте парламент сайлауы өтіп жатыр


Египет астанасы Каир қаласы. (Көрнекі сурет.)

Египет астанасы Каир қаласы. (Көрнекі сурет.)

Египетте 2013 жылы әскерилер исламшыл президент Мухаммед Мурсиді биліктен тайдырғаннан бері алғаш рет парламент сайлауы өтіп жатыр. Екі кезеңнен тұратын сайлауда бүгін елдің 14 аймағында азаматтар дауыс береді. Сайлаудың екінші кезеңі 22-23 қарашаға белгіленген. Сайлау қортындысы желтоқсанда белгілі болмақ.

Египет азаматтары бұл сайлауда ел парламентінің төменгі палатасына 596 депутат сайлауы тиіс. Сайлау өтіп жатқан кезде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 185 мың полиция қызметкері жұмылдырылған.

Ел президенті Абдел Фаттах әл-Сиси дауыс беру күні қарсаңында тұрғындарды сайлауға қатысып, белсенділік танытуға шақырған. Билік сайлау – демократияға барар жолдағы соңғы кезең деп мәлімдеген. Ақпарат агенттіктерінің хабарлауынша, парламент сайлауына түсіп жатқан бес мың кандидаттың көпшілігі президент Абдел Фаттах әс-Сисиді жақтайтындар. Бұл жолы сайлауға түскен 417 кандидат – әйел адамдар.

Египетте парламент 2012 жылы таратылғаннан бері елде заң шығаратын өкілді билік органы болған жоқ. Президенттіктен тайдырылған Мухаммед Мурси басқарған «Мұсылман бауырлар» қозғалысының қызметіне Египетте тыйым салынған. Билік басына Абдел Фаттах әл-Сиси бастаған әскерилер келгелі бері Мурсидің мыңдаған жақтастары тұтқындалып, жүзден аса адам өлім жазасына кесілген.

XS
SM
MD
LG