Accessibility links

Таэквондошы Мамаев Гран-при жарысын ұтты


Қазақстандық таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев.

Қазақстандық таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев.

Қазақстандық таэквондошы Нұрсұлтан Мамаев Ұлыбританияда өткен Гран-при (WTA Grand Prix) жарысының жеңімпазы атанды.

58 килограмда сынға түскен Мамаев бельгиялық спортшылар Мурад Лахракуи (9:4) мен биылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Си Мохамед Кетбиді (13:8) жеңіп, ширек финалда Еуропа ойындарының чемпионы португалиялық Руи Браганкадан (6:4) басым түсті. Ал жартылай финалда оңтүстік кореялық Таэ Хан Ким жарақатына байланысты кездесуге шықпады.

Финалда Нұрсұлтан Мамаев испаниялық Жезус Тортос Кабрерді ұтты. Осы жетістігінің арқасында ол 58 килограмм салмақта әлемдік рейтингтегі есебіне 40 ұпай қосып, 184,44 ұпайға жеткізді. Бұдан кейін ол әлемдік рейтингтегі 16-орыннан көтеріледі. WTA ережесі бойынша, әр салмақта рейтингте 1-16 орынға енген спортшыларға олимпиада жолдамасы беріледі. Олимпиадалық рейтингтің қорытындысы 2016 жылдың ортасында шығарылады.

22 жастағы Нұрсұлтан Мамаев 2014 жылы Азия ойындарында күміс, биылғы жазғы универсиадада алтын жүлде алған.

  • 16x9 Image

    Руслан МЕДЕЛБЕК

    1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

    Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетін "Халықаралық журналистика" мамандығы бойынша тәмамдаған.

    Халықаралық спорт журналистері қауымдастығы мен Халықаралық олимпиада комитетінің жас репортері.

    "Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған. 2012 жылдан бері "Азаттық" радиосының тілшісі. Сочи - 2014 қысқы және Рио - 2016 жазғы олимпиада ойындарынан тікелей хабар таратты.

    Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.

XS
SM
MD
LG