Accessibility links

Одесса: теңізде опат болғандар саны 14 адамға жетті


Қара теңізде аударылған қайық. (Әлеуметтік желідегі сурет.)
Қара теңізде аударылған қайық. (Әлеуметтік желідегі сурет.)

Украинада Одесса қаласы маңында Қара теңізде «Иволга» қайығында апатқа ұшырағандар саны 14 адамға жеткен. Бүгін таңертең судан екі адамның жансыз денелері табылып, тағы екі адамды іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр деп хабарлайды төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасаған «Украинская правда» басылымы.

Апатқа ұшыраған қайықтың капитаны ұсталған. Одесса облысының губернаторы Михаил Саакашвили бүгін қайықтың меншік иесі қашып кеткені, ал қайықтың өзі тіркеуде болмағаны туралы мәлімдеген. Оның айтуынша, қайықта 12 адамға арналған қосымша құтқару салы болған, бірақ апатқа ұшыраған кезде қайықта барлығы 36 адам болған. Сонымен бірге Саакашвили қайық экипажының апатқа ұшырағаны туралы SOS белгісін бермеуін адам қазасының көп болуына себептердің бірі ретінде атаған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, судағы апатқа жолаушылар қайығына шекті шамадан екі есе көп адам алуы себеп болуы мүмкін. Сенбі күні Затока курорты маңында жағалаудан бірнеше жүз метрде аударылған «Иволга» қайығында барлығы 36 адам болған. Апат салдарынан қаза тапқан 12 адамның денелері сол күні судан шығарылып, аты-жөндері анықталған. Қайғылы оқиғаға байланысты бүгін Одесса облысында аза тұту күні жарияланған.

XS
SM
MD
LG