Accessibility links

АҚШ пен Ресей Сириядағы іс-қимылды талқылап жатыр


АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Нью-Йорк, 28 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ президенті Барак Обама (сол жақта) мен Ресей президенті Владимир Путин. Нью-Йорк, 28 қыркүйек 2015 жыл.

АҚШ пен Ресей қорғаныс министрліктері Сирия территориясы үстінен ұшу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы келісімге жақын арада қол қоймақшы, оған қатысты барлық техникалық мәселелер келісілген. Бұл туралы Ресей бас штабы бас жедел басқармасының бастығы Андрей Картаполовқа сілтеме жасап ТАСС агенттігі хабарлады.

АҚШ президенті Барак Обама екі елдің ұшақтары арасында төтенше оқиғаларға жол бермеу жөніндегі шараларға қатысты екі жақтың әскери мекемелері арасындағы «өзара түсінушілік» барын ғана айтқан. АҚШ президентінің айтуынша, «бұдан кеңірек мәселелер» әзірше шешімін күте тұрады. Ақ үйде журналистермен кездесуде Обама АҚШ пен Ресей арасында Сириядағы іс-әрекеттер стратегиясы мен принциптеріне қатысты елеулі алшақтық барын айтқан.

Осыдан біраз уақыт бұрын Сирия әуе кеңістігінде екі ресейлік және екі америкалық ұшақ бір-біріне айтарлықтай жақын келгені туралы хабарланған еді.

XS
SM
MD
LG