Accessibility links

«Трансаэро»: 80 рейс ұшпайды


"Трансаэро" компаниясының ұшақтары.

"Трансаэро" компаниясының ұшақтары.

«Трансаэро» баспасөз қызметі «19 қазанға жоспарланған 80 рейс бұл әуе компаниясының ұшақтарымен ұшпайтынын» мәлімдеді. Олардың ішінде Мәскеу-Астана, Мәскеу-Қарағанды, Мәскеу-Алматы және Алматы-Мәскеу рейстері де бар.

Бұл рейстерді «Аэрофлот» компания орындайды. Ал транзиттік жолаушылар Мәскеудің Пулково және Шереметьево әуежайы арқылы жоспарлаған жеріне жеткізіледі.

Қыркүйекте «Трансаэро» компаниясында қаржылық қиындық туындағаны белгілі болғанда компания 75 пайыз акциясын Ресейдің ең ірі әуе компаниясы «Аэрофлотқа» беруге шешім қабылданған. Ал 1 қазан күні «Аэрофлот» «Трансаэроны» сатып алудан бас тартқан.

Ресей экономикалық даму министрі Алексей Улюкаев «Трансаэроның» банкротқа ұшырауы - компания проблемасын шешудің жалғыз жолы деп мәлімдеген. Ресейлік ақпарат құралдарының хабарлауынша, вице-премьер Ольга Голодец «Трансаэро» қызметкерлерін басқа компанияларға ауыстыру туралы келісім жасалғанын айтқан.

Ресей транспорт министрі Максим Соколов «Трансаэроны» банкрот ету мәселесі кредиторлар құзырында» дейді. Кейін «Сбербанк» компанияны банкротқа ұшырату процесін бастауға дайын екенін хабарлаған. Ал «Трансаэроның» ең ірі акционері - «Халықаралық қаржы клубы» банкі компанияны банкротқа ұшыратудың орнына кредитор банктердің басқаруына беруді ұсынды.

XS
SM
MD
LG