Accessibility links

Доллар бағамы 277 теңгеге жетті


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша АҚШ долларының орташа бағамы 276,88 теңгені құрап, 16 қазандағы таңғы саудаға қарағанда 78 тиынға қымбаттады. Бүгінгі биржада сатылған АҚШ долларының көлемі 32 миллионнан асты.

Ақша айырбастау орындарында доллар 277,5-278 теңгеден сатылып жатыр.

Қазақстан теңгенің еркін айырбас бағамына 20 тамыз күні өткен. Билік сол жолы елдің қаржылық жүйесіне тұрақсыздық қаупі төнген жағдайда Ұлттық банктің ішкі валюта рыногына қатысуы мүмкін екендігін айтып, жаңа ақша-несие саясатының инфляциялық таргеттеуге негізделгенін хабарлаған еді.
Ұлттық банктің валюталық интервенциясы көлемі ол валюта саудасына қатыса бастаған 16 қыркүйектен бері 1,7 миллиард доллардан асқан.

XS
SM
MD
LG