Accessibility links

Назарбаев: Бюджетке түсім 40 пайыз азайды


Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан президентінің ресми сайтының хабарлауынша, 19 қазан күні Нұрсұлтан Назарбаев премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдау кезінде "ел бюждетіне түсетін кірістер 40 пайызға қысқарды" деп мәлімдеген.

Akorda.kz сайты Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың "Энергия тасымалдаушы өнімдер бағасының төмендеуі себепті ел бюджетіне түсетін кірістер 40 пайызға қысқарды. Сонымен қатар, өзге экспорттық тауарлардың негізгі түрлерінің, соның ішінде қара және түсті металдардың, көмірдің бағасы төмендеді. Бұл ретте ауыл шаруашылығы аздаған өсімді қамтамасыз етіп отыр, ал өнеркәсіптік кәсіпорындар, соның ішінде машина жасау саласындағы кәсіпорындар өндірісті азайтты" деген сөзін берген.

Осыны айтқан Назарбаев "...жағдайдың жуық арада жақсаруын болжау мүмкін емес. Халқымыз қалыптасқан жағдайды білуі тиіс, кәсіпорындарымыздың кірісі азайып, табыстың төмендеуі және жұмыс орындарының қысқаруы ықтимал. 2007-2009 жылдардағыдан да күшті, нағыз дағдарыс дендеп келеді" деген.

Осыған байланысты Нұрсұлтан Назарбаев "Үкіметке талдау жасауды, дағдарысқа қарсы жұмыстардың жоспарын әзірлеуді, қажетті шараларды белгілеп, оны халыққа жеткізуді" тапсырған.

XS
SM
MD
LG