Accessibility links

Сот «Болотный ісі» қатысушысын мерзімімнен бұрын босатты


«Болотный ісі» бойынша айыпталған Алексей Полихович. Көрнекі сурет
«Болотный ісі» бойынша айыпталған Алексей Полихович. Көрнекі сурет

Ресейде сот «Болотный ісі» бойынша айыпталған Алексей Полиховичтің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды. Бұл туралы оның адвокаты Светлана Сидоркина хабарлады.

Сот шешімі 10 күннен соң заңды күшіне енеді. Полихович Мәскеуде 2014 жылы 24 ақпанда үш жарым жылға сотталған. Одан бөлек тағы жеті адам түрлі жазаға кесіліп, шартты түрде бас бостандығынан айырылған еді. Сот оларды 2012 жылы 6 мамырда Мәскеуде болған "жаппай тәртіпсіздіктер" кезінде билік өкілдеріне күш көрсетті деп айыптаған болатын.

2012 жылы 6 мамырда Мәскеудегі Болотный алаңындағы билікпен келісілген оппозициялық шерудің соңы полицейлермен қақтығысқа ұласқан еді. Билік бұл жағдайды «жаппай тәрітіпсіздік» деп санайды. Құқық қорғаушылар мен бақылаушылар бұл істің саяси астары бар, билік полицейлерді шерушілермен қақтығысқа өздері итермеледі деп есептейді.

«Болотный ісі» деп аталып кеткен бұл іс бойынша 30-ға жуық адам айыпталып, оның көбі сотталған.

XS
SM
MD
LG