Accessibility links

Керри палестиналықтар мен Израильді күш көрсетпеуге шақырды


АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Көрнекі сурет

АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри. Көрнекі сурет

19 қазанда АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Израиль мен Палестина лидерлерін Израиль мен Иордан өзенінің батыс жағалауындағы мақсатсыз зорлық-зомбылықты тез арада тоқатуға шақырды. Керри израильдіктер мен палестиналықтар үшін Әл-Ақса мешітінің мәртебесін анықтап, қоғамдағы араздықты басатын және қарулы қақтығысты жоятын келісімдер жасаудың маңыздылығын атап айтты.

Қақтығыстың жандануына мұсылман әлеміндегі үшінші қасиетті орын – Әл-Ақса мешіті орналасқан, еврейлер "Құлшылық тауы" деп атаған, төбені Израиль басып алмақшы деген қауесеттің таралуы себеп болған. Израиль бұл уәжді жоққа шығарып, Палестина тарабын «жалған қауесет таратып, арандатты» деп айыптайды. Қарулы қақтығыс басталған өткен аптадан бері 8 израильдік пен 40 палестиналық қаза болған.

Керри Израильдің кездейсоқ зорлық-зомбылық жасаудан қорғану хақын қолданғанын мәлімдеді. Джон Керри осы аптада Берлинде Израиль премьер-министрі Беньямин Нетаньяхумен және Палестина автономиясының басшысы Махмуд Аббаспен зорлық-зомбылықты тыюдың жолдарын талқылау үшін кездеседі.

XS
SM
MD
LG