Accessibility links

Словения мигранттардың жолын бөгеді


Хорватиядан Словенияға кіріп жатқан мигранттар. 19 қазан 2015 жыл.
Хорватиядан Словенияға кіріп жатқан мигранттар. 19 қазан 2015 жыл.

Словения билігі Хорватия жақтан келген мыңға жуық мигранттың мемлекет шекарасынан өтуге рұқсат алмағанын мәлімдеді. Словения билігі шекарадан өтуге берілген тәуліктік квота саны аз болғасын осындай шешім қабылдағанын айтты. 19 қазанда жергілікті полицияның баспасөз хатшысы Бойан Кител өткен аптада поезбен 1800 адамның келгенін хабарлады. Кителдің сөзінше, олардың 500-ге жуығына Словенияға өтуге рұқсат берілген.

Бұған дейін Хорватия Словениядан күн сайын бес мыңға жуық мигрантты өткізуді сұраса, Словения одан екі есе аз адамды қабылдай алатынын мәлімдеген. Соның салдарынан екі тараптың шекарасында мигранттар топталып тұр.

Босқындар ісі жөніндегі БҰҰ комитеті (UNHCR) мәліметі бойынша Сербияда он мыңнан астам мигрант бар. UNHCR баспасөз хатшысы Мелита Сунжич серб-хорват шекарасындағы мигранттардың азық-түлік пен қажетті тұтыну таураларына зәру екенін хабарлады.

Сирия, Ауғанстан мен Ирактағы қақтығыс аумағын тастап Батыс Еуропа арқылы Балқан елдеріне ондаған мың босқын бет алған. Мигранттар легі Венгрия, Хорватия және Сербия шекарасын жапқан соң Словенияға бұрылған.

XS
SM
MD
LG