Accessibility links

Жыл басынан бері үш мыңнан астам оралман келген


Оралман куәлігінің сыртқы мұқабасы. (Көрнекі сурет)
Оралман куәлігінің сыртқы мұқабасы. (Көрнекі сурет)

Қазақстан премьер-министрінің ресми сайты 2015 жылдың басынан бері елге 3 мың 12 оралманның, яғни 1 мың 164 отбасының көшіп келгенін хабарлады.

Сайттағы денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметіне қарағанда, олардың көбі (78,6 пайызы) - Өзбекстаннан, 6,7 пайызы - Түркіменстаннан, 6 пайызы - Қытайдан, 3,1 пайызы - Моңғолиядан, 5,6 пайызы басқа елдерден келген.

Оның ішінде еңбекке жарамды адамдар - 61 пайыз, 18 жасқа дейінгі балалар – 32 пайыздан астам, зейнеткерлер - 6 пайыз. Жартысына жуығының орта білімі бар, 15 пайызының білімі - жоғары.

Олардың негізгі бөлігі Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қостанай, Маңғыстау облыстарына қоныстандырылған.

Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ақпаратына қарағанда, биыл көшіп келген оралман саны былтырғыға қарағанда екі еседен астам аз.

Мәселен Қазақстанға 2013 жылдың 9 айында – 21 мың 949 адам көшіп келсе, 2014 жылдың 9 айында бұл көрсеткіш 7 мың 468 адам (немесе 3490 отбасы) болған.

1991-2014 жылдар аралығында Қазақстанға 952 мың 882 оралман қоныс аударды. Бұл ел халқының - 5,5 пайызы.

XS
SM
MD
LG