Accessibility links

Ахметов ісінде "араб компаниясы" пайда болды


Серік Ахметов сот залында.

Серік Ахметов сот залында.

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов ісіне қатысты сотта Қарағанды канализациялық-тазалау жүйесінің құрылысына қатысты жаңа эпизод қаралып жатыр.

Осы эпизодқа қатысты айыпталушы "Қазақстандық өнеркәсіп корпорациясы" компаниясының бас директоры Әлжан Ақмолдаев сотта Серік Ахметовпен бірнеше рет кездескенін, Ахметов оған құрылысқа қажетті құрылғыларды жеткізу үшін қай компаниямен келісім жасасуды тапсырғанын айтты.

Ақмолдаев Серік Ахметовтың тапсырмасымен бұрынғы шенеунік Данияр Ахметовтың ұлымен серіктес болғанын айтты. Айыпталушы сотта Данияр Ахметовтың ұлы "бір араб компаниясының" есепшотына төрт миллион доллар аударуды сұрағанын да мәлімдеді.

Бюджеттің миллирд теңгеден астам қаржысын жымқырды деген айыппен қамауда отырған Ақмолдаев сотта "араб компаниясының" есеп шотына аударған қаржыны қарызға алғанын және оны әлі қайтара алмай жүрегінін айтты. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамады.

Сотта Серік Ахметов Әлжан Ақмолдаевты танымайтынын мәлімдеді.

XS
SM
MD
LG