Accessibility links

Канада парламенті сайлауында либералдар жеңді


Солдан оңға қарай: Элизабет Мей (Жасылдар партиясы), Джастин Трюдо (Либералдар партиясы) және оң жақтан санағанда бірінші тұрған - Стивен Харпер (Консервативтік партия).

Солдан оңға қарай: Элизабет Мей (Жасылдар партиясы), Джастин Трюдо (Либералдар партиясы) және оң жақтан санағанда бірінші тұрған - Стивен Харпер (Консервативтік партия).

Канада либералдар партиясы оппозиция қатарында болған тоғыз жылдық үзілістен соң билікке қайта оралды.

Канада либералдар партиясы парламент сайлауында жеңіске қол жеткізді. Канадалық БАҚ ақпараттары бойынша, бұл партия елдің заң шығарушы органындағы ең көп мандатқа ие болды.

Партия төрағасы, бұрынғы премьер-министр Пьер Трюдоның 43 жастағы ұлы Джастин Трюдо премьер-министр қызметін тоғыз жыл атқарған Консервативтік партияның 56 жастағы басшысы Ствиен Харперді алмастырды.

Қоғамдық пікірлер сауалнамасы сайлауға санаулы күн қалғанға дейін Харперден әлдеқайда артта қалып келе жатқан Трюданың жеңісіне таң қалған адамдардың көп екенін көрсеткен.

Канаданың негізгі оппозициялық партиясын Трюдо екі жылдан бері басқарып келеді. Ол елді дәстүрлі либералдық құндылықтарға қайта оралуға, экономиканы мемлекеттік ынталандыруды көбейтуге шақырған ұрандар арқылы насихат жүргізді. Ол канадалық әскерилердің халықаралық бітімгершілік операцияларға қатысуын күрт қысқартуға, гуманитарлық және қаржылық көмекке мән беру арқылы БҰҰ-мен тығыз қарым-қатынас жасауға уәде берген.

Трюдоның жеңісі Канада доллары бағамының төмендеуіне себеп болды. Канададағы 2008 жылғы қаржылық дағдарысты жеңіл өткізуге мүмкіндік берген Стивен Харпердің экономикалық және қаржылық саясатын инвесторлар мен қаржыгерлер жоғары бағалаған болатын.

XS
SM
MD
LG