Accessibility links

Бішкектегі түрмеде ұсталғандардың бірі қайтыс болды


Түрмеден қашқандарды іздеп жүрген полиция қызметкерлері. Қырғызстан. Шу облысы. Көрнекі сурет
Түрмеден қашқандарды іздеп жүрген полиция қызметкерлері. Қырғызстан. Шу облысы. Көрнекі сурет

Қырғыз мемлекеттік жазаны орындау қызметінің хабарлауынша, 20 қазан күні таңертең Бішкектегі «СИЗО-1» тергеу изоляторында түрмеден қашқан Таалайбек Жұманов жүрек талмасынан кенеттен қаза болды.

«СИЗО-1» мекемесінде тергеу тобы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр.

1970 жылы туған Таалайбек Жұманов 2012 жылғы 15 мамырда Шу облысының Аламудун аудандық сотымен «кісі өлтіру» бабы бойынша аса қатаң режимде өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасына кесілген.

12 қазанда Шу облысындағы түрмеден қашқан тоғыз адамның бесеуі қолға түскен еді. Оларды ұстау кезінде төрт түрме қызметкері қаза болған. 16 және 20 қазанда қашып кеткен екі адамның көзі жойылған.

Қазір қалған екі адамды іздеу жалғасып жатыр. Олар туралы ақпарат бергендерге бір миллион сом (14 мың доллар) көлемінде сыйақы тағайындалған.

XS
SM
MD
LG