Accessibility links

Құлшылық туралы айтқан Марин Ле Пеннің соты басталды


Франция әсіре оңшылдар партиясының лидері Марин Ле Пен. Көрнекі сурет
Франция әсіре оңшылдар партиясының лидері Марин Ле Пен. Көрнекі сурет

Франциядағы әсіре оңшылдар лидері Марин Ле Пен көшедегі мұсылмандар құлшылығын шетелдік окуппацияға теңеген сөзінен соң "ұлтараздық наразылықты қоздырды" деп айыпталды. Исламға және иммиграцияға қарсы пікірімен белгілі, «Ұлттық майдан» партиясының жетекшісі Марин Ле Пеннің соты 20 қазанда басталады.

2010 жылдың желтоқсанында Ле Пен "Франция көшелеріндегі мұсылмандардың құлшылығы Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі нацистік оккупациямен пара-пар" деген болатын. 2013 жылы Еуропа парламенті Ле Пенді депутаттық мандатынан айырып, кейін сот процестері басталған еді. Ле Пен көшедегі құлшылық туралы айтқандарынан бас тартпады. Ол кінәлі деп табылған жағдайда бір жыл мерзімге түрмеге қамалуы және 50 мың доллардан жоғары көлемде айыппұл төлеуі мүмкін.

2011 жылы Франция әсіре оңшылдардың наразы көңіл-күйінен соң көшеде құлшылық етуге тыйым салған болатын. 66 миллион тұрғыны бар Франциядағы мұсылмандардың үлес салмағы - 10 пайыз.

XS
SM
MD
LG