Accessibility links

БҰҰ Тегеранды жастарды жазалауды доғаруға шақырды


БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун. Көрнекі сурет
БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун. Көрнекі сурет

БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун Ирандағы екі жасөсіпірімнің қазасын айыптап, Тегеранды жастарды жазалауға мораторий енгізуге шақырды.

Иранда 16 жасында еріксіз ұзатылған Фатеме Сальбехи ер адамның өліміне кінәлі деп табылып, дарға асу жазасына кесілген. Ал 17 жастағы Самад Захаби "бақташы көршісін өлтірді" деп айыпталған.

Дүйсенбі күні Пан Ги Мун өткен аптадағы Ирандағы қатаң жазалауларға қатты қайғыратынын айтты. Пан Ги Муннің мәлімдеуінше, мұндай жазалар «Ирандағы қауіпті тенденциялардан хабар береді». Халықаралық құқық қорғаушы Amnesty International ұйымының дерегіне сәйкес Иранда 160 мың жасөспірім өлім жазасына кесілген.

Пан Ги Мун Иранның 18-ге толмағандарды өлім жазасына кесуге тыйым салған екі халықаралық конвенцияны ратификациялағанын атап көрсетті. «Биыл 700-ден астам өлім жазасының 40 шақтысы көпшілік алдында орындалған. Бұл соңғы 12 жылда тіркелген жазалаулардың ішіндегі ең көбі» деді Пан Ги Мун.

XS
SM
MD
LG