Accessibility links

Түркия: "ТМД жасөспірімдерінің ИМ орталығы жойылды"


ИМ содырларының қолына түскендерді жазалап жатқаны туралы бейнебаянның скриншоты. Көрнекі сурет

ИМ содырларының қолына түскендерді жазалап жатқаны туралы бейнебаянның скриншоты. Көрнекі сурет

Түркия баспасөзі Стамбулдағы бір оқу орталығында жасы 18-ге толмаған 50-ден астам Өзбекстан мен Тәжікстан азаматының ұсталғанын хабарлады.

Ұсталғандар Сирия мен Ирак территориясындағы «Ислам мемлекеті» экстремистік тобына баруға дайындық қосынын ұйымдастырды деген күдікке ілінді. Полиция олардың жасөспірімдерге арналған антитеррорлық бюроға жеткізілгенін хабарлаған.

Түркиядағы «Өзбек бірлігі» ассоциациясының бастығы Адем Чевик жасөспірімдердің Стамбулда ИМ құрамында соғысуға дайындалғанын теріске шығарды. «Бұл адамдардың ИМ-ге қатысы барлығына дәлел жоқ. Медреседе Құран мен таспиықтан өзге ештеңе табылмады» деді Чевик.

Соңғы айларда әлемуеттік желіде ИМ-нің балаларды жаттықтырып жатқаны туралы роликтер пайда болған еді.

XS
SM
MD
LG