Accessibility links

Риддер тұрғыны «сепаратист» деп айыпталды


Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. 28 мамыр 2013 жыл.
Шығыс Қазақстан облысының аумақтық картасы. 28 мамыр 2013 жыл.

Риддер қалалық соты «сепаратизм» бабымен айыптаған Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының тұрғыны Евгений Сычевке қатысты сот тыңдауы 22 қазанға белгіленгенін хабарлады. Жергілікті баспасөздің мәліметіне сәйкес 26 жастағы Сычев ресейлік «Вконтакте» әлеуметтік желісіндегі «Подслушено в Риддере» парақшасының әкімшілерінің бірі болған.

Сычевке айып қоғамдық парақшада «Риддер қаласында сайлау болғанын елестетейік» тақырыбымен пайдаланушыларға Ресей құрамына кіруге «ие» немесе «қарсы» дауыс беруге шақырған хабарлама пайда болған соң тағылған.

Риддер қалалық сайты Сычевтің «Сепаратистік қызмет» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуін мамыр айында облыстық ұлттық қауіпсіздік комитеті департаменті бастаған.

XS
SM
MD
LG