Accessibility links

Шымкентте «Қазақ романсиадасы» байқауы өтті


Шымкентте өткен романсиадаға қатысушы. Көрнекі сурет.

Шымкентте өткен романсиадаға қатысушы. Көрнекі сурет.

20 қазанда Шымкенттегі Оңтүстік Қазақстан облыстық опера және балет театрында ХVIII «Қазақ романсиадасы» романс орындаушыларының аймақтық ашық байқауы өтті.

Байқауға Қазақстаннан бөлек Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстаннан келген 16-28 жас аралығындағы елуден астам үміткер қатысты.

Бірінші орынды астаналық Азат Мәлік, шымкенттік Жадыра Абдуллаева мен өзбекстандық Ақылбек Пиязовтар бөлісті.

«Қазақ романсиадасы» байқауына қатысушылар 19-20 қазан аралығында облыстық опера және балет театрында өнер көрсетті.

  • 16x9 Image

    Дилара ИСА

    Дилара - Азаттықтың Шымкенттегі тілшісі. 1986 жылы туған. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті мен Абай атындағы ҚазҰПУ-ді бітірген.

    "Жас Алаш" газетінде жұмыс істеген.

    Азаттықпен 2012 жылдан бері әріптес.

XS
SM
MD
LG