Accessibility links

Қазақстанға Жапония премьер-министрі келеді


Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ. Токио, 25 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ. Токио, 25 қыркүйек 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Жапония премьер-министрі Синдзо Абэ қазанның 26-сы және 28-і күндері аралығында Қазақстанға ресми сапармен келеді. Бұл туралы Жапония елшілігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпаратқа қарағанда Синдзо Абэ қазанның 22-сі мен 28-і күндері аралығында Орта Азияның бес мемлекетін араламақ.

Бұл Жапония премьер-министрінің Қазақстанға екінші сапары болмақ. Бұдан бұрын 2006 жылы сол кездегі премьер-министр Дзюнъитиро Коидзуми келген.

Сапар кезінде біратар кездесулер өтіп, Синдзо Алэнің бизнес-форумда дәріс оқитыны хабарланды.

XS
SM
MD
LG