Accessibility links

Астанада дельфи ойындары басталады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Бүгін Астанада жастардың XI ұлттық дельфи ойындары басталады.

Қазанның 24-іне дейін жалғасатын бұл шара Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған.

Дельфи ойындары – заман талаптары қажет ететін өнер саласындағы жас мамандардың жыл сайынғы жарысы. Жарыс өнер түрлерінің барлығын - бейнелеу, орындаушылық, қолданбалы өнер, шешендік өнерін, т.б. өнер түрлерін қамтиды. Оған республиканың барлық аймақтарынан кез келген өнерпаз қатыса алады.

Қатысушылар ұлттық жанрлар, классикалық және заманауи өнер түрлеріне сәйкес 20 номинация бойынша сыналады. Осы жылы "битбокс" (аспаптар қолданбай музыка ойнау) пен "веб-дизайн" секілді екі жаңа номинация қосылған.

XS
SM
MD
LG