Accessibility links

Сот Жақияноваға қарсы Ерғалиева арызын ішінара қанағаттандырды


Журналист Гүлжан Ерғалиева.
Журналист Гүлжан Ерғалиева.

Қазанның 21-і күні Алматының Бостандық аудандық азаматтық істер жөніндегі сотында судья Айгүл Абайделдинова журналист Гүлжан Ерғалиеваның Қарлығаш Жақияноваға (оппозициялық саясаткер Ғалымжан Жақияновтың әйелі) қарсы берген арызын қанағаттандырды.

Сот залындағы Азаттық тілшісінің хабарлауынша, сот «Ерғалиеваның моральдық шығыннан өзге талаптарын қанағаттандыру туралы» шешім шығарды.

Қарлығаш Жақиянованың адвокаты «бұл шешіммен келіспейтінін» айтып, апелляциялық шағым түсіретінін мәлімдеді.

Гүлжан Ерғалиева Қарлығаш Жақияновадан «1 миллион доллар қарыз ақшаны қайтаруды, бірнеше жыл бойы ол ақшаның мүмкіндіктерінен түсуі ықтимал табыс ретінде 187 мың доллар көлемінде моральдық шығын өтеуді және осы іске байланысты сот шығындарын өтеуді» сот арқылы талап еткен еді.

Гүлжан Ерғалиева 2005 жылдан оппозициялық басылым ретінде танылған «Свобода слова» газетіндегі үлесін 2010 жылы «билікке қатысы бар жеке тұлғаға сатып», газеттен кеткен болатын.

Павлодар қаласының бұрынғы әкімі, «Қазақстанның демократиялық таңдауы» оппозициялық қозғалысы жетекшілерінің бірі болған Ғалымжан Жақиянов 2011 жылдан бері отбасымен бірге шетелде тұрып жатыр.

XS
SM
MD
LG