Accessibility links

"БЖЗҚ ақшасы кредиттеуге жұмсалуы мүмкін"


Ұлттық банк Төрағасы Қайрат Келімбетов. Астана, 20 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Ұлттық банк Төрағасы Қайрат Келімбетов. Астана, 20 тамыз 2015 жыл. (Көрнекі сурет)

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) қаражаты экономиканы кредиттеуге жұмсалуы мүмкін. Бұл туралы бүгін парламент мәжілісінің жалпы отырысында Ұлттық банк Төрағасы Қайрат Келімбетов мәлімдеді.

- Біз қазіргі таңда Үкіметпен бірлесіп экономиканы кредиттеу мәселесімен айналысып жатырмыз. Соның ішінде БЖЗҚ қаражатын алдағы жылдары экономиканы кредиттеуге жұмсау мүмкіндіктерін қарастырудамыз. Бұл ауқымды қаражаттар негізінен банктерге, тұрғын үй құрылыстарына, сондай-ақ экономиканың аралас секторына жұмсалуы мүмкін, - деді Келімбетов.

Оның айтуынша, алдағы уақытта ел экономикасын теңгемен қамтамасыз ету мәселесі толық шешімін табады.

- Бұл жағынан еш мәселе жоқ. Дегенмен, «бүгінгі ахуал қарапайым, жеңіл» деп ешкім айта алмайды. Ең бастысы, ертең доллар бағасы не боларын ешкім дөп басып айта алмайды, - деді ол.

XS
SM
MD
LG