Accessibility links

Канада Сирия мен Ирактан әскери ұшақтарын қайтармақ


Канада премьер-министрі Джастин Трюдо. Монреаль, 20 қазан 2015 жыл.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо. Монреаль, 20 қазан 2015 жыл.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо ендігі уақытта өз елінің әскери ұшақтары «Ислам мемлекеті» (ИМ) экстремистік тобына қарсы әуе операцияларына қатыспайтынын мәлімдеді. Трюдоның сөзінше, ол бұл туралы сейсенбіде АҚШ президенті Барак Обамамен телефон арқылы сөйлескенде айтқан. Сонымен бірге Трюдо Канада ИМ тобына қарсы коалиция құрамында қала беретінін хабарлаған.

Былтыр Канада Ирак пен Сирияға халықаралық коалицияның әскери әуе операцияларына қатысуға алты CF-18 әскери ұшағын жіберген. Ирак пен Кувейтте канадалық 600-ге жуық әскери қызметші орналасқан. Сонымен бірге Канада Ирактың солтүстігіндегі күрдтер жасағын дайындықтан өткізуге 70-ке тарта арнайы мақсаттағы әскери сарбаздарын жіберген еді.

Трюдо сайлау науқаны кезінде Ирак пен Сириядағы канадалық әскери ұшақтарды елге кері қайтарып алуға уәде берген. Сондай-ақ ол әскери нұсқаушылар Иракта әлі бола тұрады деп айтқан. Трюдо Канада либералдық партиясы жаңадан қалыптастырып жатқан үкімет «өзіне тапсырылған міндеттерді жауапкершілікпен атқаруды жалғастыратын болады» деп мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG