Accessibility links

Ауғанстан: Гилмендте шайқас жүріп жатыр


Ауғанстан әскерилері. (Көрнекі сурет)

Ауғанстан әскерилері. (Көрнекі сурет)

Ауғанстанның оңтүстігіндегі Гилменд уәлаятының орталығы Лашкаргах қаласы шетінде үкімет әскері мен «Талибан» қозғалысы содырлары арасында кескілескен шайқас жүріп жатыр. Бір күн бұрын «Талибан» жасағы қала іргесіндегі ауданды басып алған еді.

Ауғанстан билігі Лашкаргахтың бір кварталын өткен түні содырлар басып алған соң қалаға қосымша күш жібергенін хабарлаған. Лашкаргах тұрғындарының бір бөлігі қаланы тастап шығуға мәжбүр болған.

Қарсылас екі жақ арасындағы қарулы шайқас Қандағар мен Гератты жалғайтын негізгі күре жолдың бойында жүріп жатыр.

НАТО 2014 жылы Ауғанстандағы операцияларын аяқтағанға дейін Гилмендте америкалық Кэмп Лезернек» және британдық «Кэмп Бастион» әскери базалары болған еді.

Сонымен бірге Гилменд құрамында апиын бар көкнәр өсіретін ірі орталықтардың бірі саналады.

XS
SM
MD
LG