Accessibility links

Хаменеи Батыспен ядролық келісімді мақұлдады


Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи.
Иранның рухани жетекшісі аятолла Әли Хаменеи.

Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеи әлемдік державалардың Иранмен жасасқан ядролық келісімін мақұлдады. Ол Иран үкіметін сақ болуға шақырып, "АҚШ-қа сенуге болмайтынын" айтқан. Аятолланың Иран президенті Хасан Роуханиге жазған хаты рухани жетекшінің сайтында жарияланды. Хаменеидің сөзінше, АҚШ пен ЕО Иранға салынған санкциялардың алынып тасталатынын анық жариялаулары тиіс.

Хаменеи келісімнің өзінде құрылымдық кемшіліктер бар екеніне нұсқады. Бұған дейін аятолла Хаменеи Иран үкіметінің Батыс державаларымен арадағы ядролық келіссөздерге сырттан ғана қарап келген. Биылғы шілдеде жасалған тарихи келісім бойынша Иран ядролық бағдарламасын бәсеңдетіп, халықаралық инспекторларды кіргізіп, оның есесіне Батыс экономикалық санкцияларды алып тастайтын болған.

Батыс елдері ұзақ уақыт Иран ядролық қару жасамақ болып әрекет етіп жатыр деп күдіктенген. Тегеран бұл күдік-күмәнді теріске шығарып, ядролық бағдарламасын бейбіт мақсат үшін дамытып жатқанын мәлімдеп келген.

XS
SM
MD
LG