Accessibility links

Алматыда тілшілер диктофондарын ұрлауды тергеп жатыр


Алматыдағы сот ғимараты. (Көрнекі сурет.)
Алматыдағы сот ғимараты. (Көрнекі сурет.)

Алматыда журналистердің әуелі қолды болып, бірақ кейін қайта табылғанымен ішіндегі аудиожазбалары жойылып кеткен диктофондарға қатысты «Ұрлық» бабы бойынша тергеу жүріп жатыр деп хабарлайды жергілікті баспасөз құралдары. Хабарларға қарағанда, сейсенбі күні жас сәбидің қазасына апарып соқтырған жол-көлік оқиғасына қатысты соттан хабар дайындауға барған Today.kz, Informburo.kz жаңалықтар сайттары мен «Время» басылымы тілшілерінің диктофондарынан аудиофайлдар жойылып тасталған.

Журналистердің сөзінше, олар судьяның айтуымен сот залынан шығып кеткен кезде диктофондары куәгерлер сөйлейтін жерде қосулы күйі қалған. Журналистер диктофондары жоғалғанын тек сот отырысы аяқталған кезде ғана бір-ақ білген. Біршама уақыттан соң оларға диктофондарын қайтарып берген, бірақ оларды кім алып кеткені әзірше белгісіз қалып отыр деп хабарлайды жергілікті баспасөз құралдары.

Журналистердің бірінің айтуынша, сот ғимаратындағы бейнебақылау камерасы жазбасын сұраған олар «соттың жабық бөлігі видеокамераға жазылған жоқ» деген жауап алған.

Әуелі жоғалып, кейін қайта табылған диктофондар қазір осы іс бойынша тергеу жүргізіп жатқан тергеушілердің қолында деп хабарланды.

XS
SM
MD
LG