Accessibility links

Алматыда жастар кинофестивалі ашылды


Кинофестиваль бас директоры Сергей Азимов бесінші «Бастау» байқауын ашық деп жариялады. Алматы. 21 қазан 2015 жыл.

Кинофестиваль бас директоры Сергей Азимов бесінші «Бастау» байқауын ашық деп жариялады. Алматы. 21 қазан 2015 жыл.

Алматыда жастардың «Бастау» атты бесінші халықаралық қысқа метражды кинофильмдер фестивалі ашылды. Байқауға 20 елден 59 фильм қатысып жатыр. Қазақстандық жастар фестивальға ең көп шығарма – 17 фильм ұсынған. Сонымен бірге Армения, Әзербайжан, Грузия, Израиль, Қырғызстан, Молдова, Франция және өзге елдерден жас режиссерлердің туындылары қатысып отыр.

«Бастау» кинофестивалінде үш конкурстық бағдарлама бойынша – қысқа метражды көркем шығарма, деректі және анимациялық фильмдер байқауы өтеді. Сонымен бірге конкурстан тыс бағдарлама да бар.

Конкурстық фильмдерді екі қазылар құрамы – фестиваль жюриі және студенттер төрешілері анықтайды. Ресейлік танымал режиссер, сценарист әрі актер Виктор Мережко биылғы фестиваль жюриінің төрағасы болып белгіленген.

Кинофестиваль жеңімпаздары қазанның 25-і күні анықталмақ.

XS
SM
MD
LG