Accessibility links

Чемпиондар лигасы: "Астана" "Атлетикодан" жеңілді


"Астана" футбол командасының ойыншылары.
"Астана" футбол командасының ойыншылары.

Футболдан "Астана" командасы Чемпиондар лигасы топтық кезеңінде испаниялық "Атлетико" клубынан 0:4 есебімен жеңілді.

Мадридте "Висенте Кальдерон" стадионында өткен матчта 23 минутта Сауль Санчес есеп ашса, 29 минутта Мартинес есепті еселеді. Ал 63 минутта Оливер Торрес "Астана" қақпасына үшінші голды салса, ойын аяқталар тұста "Астана" ойыншысы Дени Дедичко өз қақпасына автогол соғып алды.

С тобындағы екінші матчта түркиялық "Галатасарай" өз алаңында португалиялық"Бенфиканы" 2:1 есебімен жеңді.

"Астана" әзірге Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде үш ойын өткізіп, бір ұпай соңғы орында тұр. 4 қарашада астаналық клуб өз алаңында "Атлетикомен" ойнайды.

XS
SM
MD
LG