Accessibility links

Ресей ұшағының бомбасы Сириядағы госпитальге түсті


Сириядағы жүрген ресейлік Cу-24 ұшағы.
Сириядағы жүрген ресейлік Cу-24 ұшағы.

Ресей ұшақтарының Сирияның солтүстік-батысындағы госпитальге жасаған шабуылынан 13 адам мерт болған. Қаза тапқандар арасында дәрігерлер де бар.

Сириялық құқық қорғаушылардың France-Presse агенттігіне берген мәлімдемесіне қарағанда, оқиға сейсенбіде Идлиб провинциясының Сармин қаласында болған.

Сирия мен АҚШ-тың біріккен медициналық ұйымына тиесілі госпитальдің қызметкерлері бомба түскенін растады. Алайда олар шабуыл жасаған ұшақтың нақты қай елге тиесілі екенін айта алмады.

Бұған дейін Ресей қорғаныс министрлігі Сарминдегі "террористік ұйымның басшылары жиналған аумақты" бомбалағанын хабарлаған.

20 қазан күні сириялық құқық қорғаушылар Ресей ұшақтарының шабуылынан қаза тапқан 370 адамның 127-сі бейбіт тұрғын екенін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG